ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

slider
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы болып Азамат Рысжанов тағайындалды. Қала әкімі аппаратының басшысы Ғ.Мәуленқұлов басқарма басшысын ұжымға таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Азамат Жақыпбекұлы 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі — жоғары, құқық магистрі. Е.Букетов атындағы ҚарМУ және АҚШ-тағы Пенсильвания университетінде оқыған.
Алғашқы еңбек жолы ҚР Әділет министрлігіндегі басқармаларда сарапшы болудан басталған. Кейіннен бас сарапшысы, басқарма басшысы, директор орынбасары, министрдің кеңесшісі, Шымкент қаласы бойынша Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің консультанты, бас сарапшысы болған.
2020 жылдан бүгінге дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары лауазымында қызмет етіп келген.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *