ОНЫНШЫ БАЛАСЫН БОСАНҒАН АНАҒА ДӘРІГЕРЛЕР ЕРЕКШЕ СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ОНЫНШЫ БАЛАСЫН БОСАНҒАН АНАҒА ДӘРІГЕРЛЕР ЕРЕКШЕ СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Шымкент қаласындағы перинаталды орталықтың медицина қызметкерлері оныншы баласын босанған анаға ерекше сый-құрмет көрсетті.

41 жастағы Айжан есімді батыр ана 25 ақпан күні шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелді. Анасы мен баласының денсаулығы жақсы дейді дәрігерлер.

Көп балалы анаға орталықтың қызметкерлері арнайы сыйлық табыстап, ақ тілектерін жеткізді.

«Бір ананың он бала дүниеге әкелуі — біз үшін қуанышты жәйт. Әрине, бұл үшін ананың денсаулық жағдайы жақсы болса дейміз. Көп балалы отбасыдан шыққан балалар бауырмал, қамқор болып келеді. Көп балалы аналар біз үшін нағыз батырлар», — дейді орталықтың мамандары.

Айта кетейік, Шымкент қаласында демографиялық өсім жақсарып келеді. Жыл басынан бері қалада 4892 сәби дүние есігін ашқан. Жылдың алғашқы екі айында дүниге келгендердің басым бөлігі ұл балалар. ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *