Арыста оқушыларға арналған әскери сайыс жаппай төбелеспен аяқталды

Арыста оқушыларға арналған әскери сайыс жаппай төбелеспен аяқталды

© ktk.kz

© ktk.kz

Арыста әскери сайыс жаппай төбелеспен аяқталды, — деп хабарлайды «КТК» телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, оқушылар әділқазылардың шешіміне қарсы болған. Сайысты салтанатты түрде қорытындылау кезінде Мәдениет үйіне жиналған оқушылар төбелес шығарған. Ашуға булыққандарды сыртқа шығарғанымен, төбелес далада да жалғасқан. Жарақат алғандар жоқ.

Соған қарамастан полицейлер оқушыларды тергеп жатыр. Ал карантин талабын бұзғаны үшін шара ұйымдастырушылары әкімшілік жазаға тартылған.

«Іздестіру жұмысын жүргізгенде бұзақылық дерегіне қатысты жергілікті тұрғындар анықталды. Бәрі — жігіттер. Оқу бөлімдерінің оқушылары. Оларға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — дейді Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *