ШЫМКЕНТТЕ ҚАР ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КӨКТАЙҒАҚТЫ БОЛДЫРМАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАР ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КӨКТАЙҒАҚТЫ БОЛДЫРМАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Шымкент көшелерін қардан тазалап, көктайғақтың алдын алу шаралары өз деңгейінде атқарылып отыр.

Осы мақсатта коммуналдық 5 мекеме күшейтілген кестеде, 32 бағытта жұмыс істеуде. Нәтижесінде жаяу жүргіншілер жолы мен аялдамалар, әлеуметтік нысан аумақтары, елді мекендердегі орталық көшелер қардан тазартылды.

Қар тазалау жұмысына бір уақыттың өзінде 600-ге жуық жұмысшы, 125 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта коммуналдық мекеме қызметкерлері көшелерде көктайғақты болдырмау үшін 1347 текше метр инертті материал сеуіп шықты.

Айта кетейік, қысқы маусымда қаланы «ЛТД тұрмыс», «Югдорсервис», «Бәйтерек ЛБ», «Нұртас сервис» және «Жасыл жер» коммуналды мекемелері техникамен қамтамасыз етуде.

Назарларыңызға салсақ, 25-26 күндерінде сынап бағанасы түнде -11-14°C, күндіз -7-8°C дейін төмендейді. Кейде тұман. Батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қосымша сұрақтар бойынша тегін «109» бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *