Түркістан облысының полицейлері автокөлік ұрлаған қызылордалық қос күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері автокөлік ұрлаған қызылордалық екеуді ұстады

Кентау АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша түнгі сағат 00:00 шамасында пәтерінің алдында тұрған «Ваз-2106» маркалы Ресей Федерациясында тіркелген автокөлігін белгісіз азамат ұрлап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 300 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Орын алған оқиға бойынша тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып,  қылмыстық істі ашу мақсатында бірден іске кірісті. Ұрлық болған аймақты бір шолып шығып, айналадағы бейнебақылау камераларын мұқият қарап, күдікті болып көрінген азаматтардан түсінік алды. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар екеу Түркістан қаласында ұрлық жасап жатқан жерлерінен ұсталды. Олардың бірі бұрын алаяқтық жайты бойынша сотты болған қызылордалық тұрғындар болып шықты. Қазіргі таңда күдікті азаматтардың екеуі де қамауға алынып, тергеп-тексеру  амалдары жүргізілуде.

Полицейлер тергеу барысында күдіктілердің өзара ақылдасып, түнгі уақыттарда Кентау қаласында көпқабатты үйлер орналасқан аймақты аралап келе жатып,  қараусыз тұрған автокөлікті байқайды. Айналада адамдардың жоқтығын пайдаланып, қажетті құрал-жабдықтардың  көмегімен көліктің терезесін ашып, ішіне енеді. Осылай автокөлікті жасырын айдап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Осы тұста айта кететін жайт, ұрлық жасаған екеудің бұдан басқа 5 автокөлік ұрлығына қатыстылықтары бар болып шықты. Оның 3-еуін арзан бағаға сатып, қалған 2 көлікті бөлшектеп сатып жіберген. Осылайша ақшаларын бас пайдаларына жаратып, қашып жүрген. Алайда тәртіп сақшылардың қырағылығының арқасында аз уақыттың ішінде құрықталды.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға өз мүліктеріне ие болуды, қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ жарық көп шоғырланған аймақтарға қойып, көліктеріне дабылқаққыш орнатуға кеңес береді. Егер, сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» нөмірі арқылы полицейлерге хабарласыңыздар.

 

 

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *