Боранда көліктерге жол көрсетіп, жүгірген полиция қызметкері: Екі сағаттай жүгірдім…

Боранда көліктерге жол көрсетіп, жүгірген полиция қызметкері: Екі сағаттай жүгірдім…

 19 Ақпан 2021, 11:47
 Сурет: видеодан алынды

Алдыңғы күні желіде Қостанай облысының полиция қызметкері ақтүтек боранда жолдың бойымен жүгіріп, көлік жүргізушілеріне жол көрсетіп жүрген видеосы тарады. Оның аты-жөні Амантай Байжанов болып шықты. Ол zakon.kz тілшісіне сол күні тас жолда болған оқиғаны өз аузымен баяндап берді.

Біз қаланы аралап жүргенде, қала шетінде Федоровкаға қарай шығатын тас жолда жол апаты болды, сол араға баруымыз сұралды. Оқиға орнына барсақ, бірнеше көлік қалаға қарай келе жатқанын, содан соң қаладан шықпақ көліктерді де байқадық. Біздің қаладан шықпақ көліктерді кері қайтару үшін шара қабылдауымызға тура келді, өйткені қала сыртында түк көрінбейтіндей ақ түтек боран, мұндайда олар тас жолда қалса, оңбайды: қар басып қалады, қатып өледі дегендей. Көп ойлануға мұрша болмады, бір жерде көліктер тайғанақтап, жүре алмай жатыр екен, оларды итеруге тура келді, — деді Байжанов.

Полиция қызметкері екі шақырымдай жүгіргенін айтады.

Мен сағатқа мүлдем қарамаппын. Сондай бір үлкен арақашықтық емес қой, оның үстіне ақырын жүгіріп отырдым, — дейді ол.

Ол бірнеше сағаттан кейін Интернетте өз видеосы пайда болғанын біледі.

Телефонымның қуаты тасылған болатын. Біз қалаға келген соң да түскен басқа қоңыраулар бойынша жұмысымызды ары қарай атқара бердік. Содан кейін достарым мен туыстарым мені құттықтай бастады, «Интернетте ж.рсің ғой» деді, — дейді ол.

Байжанов құқық қорғау органдарында 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол патрульдік полицияға 2020 жылы ауыстырылды. Сол жылы ол 15 адамды өрттен құтқарғаны үшін Ішкі істер министрінің медалімен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *