ЖЕКЕ КӘСІПКЕР ДЕКОРАТИВТІ ӘЙНЕК ӨҢДЕУ ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУДЕ
ЖЕКЕ КӘСІПКЕР ДЕКОРАТИВТІ ӘЙНЕК ӨҢДЕУ ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУДЕ
Шымкент қаласында жеке кәсіпкер Максим Тулин заманауи көркемдік және декоративті әйнек өңдеу өндірісін кеңейтуде. Жобаның басты ерекшелігі – кәсіпкер экологиялық таза материалдардан жасалатын өнім шығарады. Ассортименттің тізіміне фасет, хромдау, аквапринт, әйнекті декоративті өңдеу, екі қабатты терезелерді құрастыру және өндіру сияқты қызметтер кіреді.
Соңғы жылдары компания көбінесе ескі технологияны қолдана отырып, металл емес минералды өнімдер өндіретін. Алайда қажетті жабдықтар мен білікті кадрлардың жетіспеушілігінен компания өндіріс көлемін ұлғайта алмады.
М. Тулин 2020 жылы әйнек өңдейтін жабдықты сатып алу үшін «Даму» Қорына жүгінді. «Нұрбанк» АҚ 14,5%-бен аталған жобаны қаржыландырса, оның 8,5 %-ын «Даму» Қоры субсидиялауда.
Бүгінде компания жаңа технологияларды енгізіп, өндіріс көлемін ұлғайту бағытына бет бұрды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі