ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛДЫ

slider image

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов, бас санитарлық дәрігер Нұрбек Нышанов алғашқы болып ресейлік Sputnik V вакцинасын салдырды. Алдымен олар дәрігерлерге қаралды. Вакцинация Түркістан қаласындағы орталық емханада өтті. Вакцина алғаннан кейін 30 минут бойы дәрігерлер бақылауында болды. Түркістан облысында бүгін 250 адамға вакцина салу жоспарланған.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 ақпаннан бастап ерікті түрде халыққа кезең-кезеңімен вакцина егу басталды. Ресейде өндірілген Sputnik V вакцинасының бірінші партиясы Түркістан облысына 1300 доза мөлшерінде жеткізіліп, барлық аудандарға таратылды. Бұрын қол жеткізілген келісімдер негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешені вакциналардың алғашқы партиясын жеткізуді жүзеге асырды.

Вакцинаны тек кәмелетке толған Қазақстан азаматтары ғана ала алады. Облыста коронавирусқа қарсы вакцинация 2021 жылдың соңына дейін жалғасады, оған 950 мың адам қатысады деп жоспарлануда. Бірінші кезеңде инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық жәрдемінің, реанимация бөлімшелерінің, қабылдау бөлімдерінің медицина қызметкерлері вакцинациялана алады.

Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. Алдымен азаматтар дәрігердің міндетті тексеуінен өтеді. Түркістан облысында егу пункттерінің дайындығы тексеріліп, профилактикалық егулерді жүргізу мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдер бекітілді. Медицина қызметкерлері оқытылды.

Айтпа кетейік, вакцинация коронавирустың одан әрі таралуына жол бермей, қатаң локдаун енгізубеудің жалғыз баламасы болып табылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *