Түркістандағы моншаның бірінде жезөкше қыз ұсталып қалды

Түркістандағы моншаның бірінде жезөкше қыз ұсталып қалды

 18 Қаңтар 2021, 12:38
 Сурет: polisia.kz

Түркістан қаласының тұрғыны полицейлерге қаладағы моншалардың бірінде жұмыс істейтін әйел, жеңіл жүрісті қыздарды келушілерге сыйақы үшін ұсынатынын хабарлаған. Ақпарат алысымен ТО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері оқиға орнына жетті, деп хабарлады zakon.kz.

Тексеру барысында жеңгетайлық жасады деген күдікпен моншаның әкімгері анықталып, ұсталды. Ол жеңіл жүрісті қыздарға келген клиентпен ақысына келісіп, жеңгетайлық жасаған. Сондай-ақ полицейлер интимдік қызмет көрсеткен 1 қызды ұстады. Ол Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК 309-бабы «Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қолхатта.

Түркістан облысы ПД полицейлері жеңгетайлыққа, адам саудасына және басқа да құқық бұзушылықтарға қатысты қылмыстарды ашу, алдын-алу және ескерту бойынша тұрақты түрде жедел-профилактикалық, рейдтік іс-шараларды өткізіп отырады. Полиция қызметкерлері аталған жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қонақ үйлер мен ойын-сауық орындарын, моншалар мен басқа да нысандарды тексереді, себебі онда еңбек пен жыныстық пайдалану жайттарын анықтау ықтималдығы жоғары.

Түркістан облысының полицейлері ескертеді: егер де сіз адам саудасына қатысты қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, қандай-да бір ақпарат білсеңіз, «102» телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз. Оған қоса, полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны үшін, сондай-ақ пайдакүнемдік мақсаттағы жеңгетайлық үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *