ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІТІРУШІ СЫНЫПТАР ДӘСТҮРЛІ ОҚУҒА ОРАЛАДЫ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІТІРУШІ СЫНЫПТАР ДӘСТҮРЛІ ОҚУҒА ОРАЛАДЫ
Мектеп оқушылары компьютермен 100% қамтылды. Түркістан облысында мектептердегі компьютерлерге қажеттілікті жою үшін ҚР Үкіметі резервінің қаражатынан 57 190 компьютерлік құрылғы сатып алынды. Сондай-ақ, мектеп қорынан, жергілікті бюджет пен демеушілер есебінен сатып алынған 28 101 компьютер оқушыларға берілді. Облыс аумағындағы жалпы 918 мектептегі жалпы оқушылар саны – 499 975. Сондай-ақ отырыста білім бөлімдерін басқару және бюджет қаржысын әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге өткізу мәселелері, яғни білім саласындағы басқару жүйесінің өзгеруіне қатысты атқарылған жұмыстар баяндалды.
Күн тәртібінде облыс аумағында коронавирустық инфекциясымен күрес жұмыстарының барысы туралы баяндалды. Бір апта ішінде өңірде Covid-19 вирусын жұқтырған 56 адам тіркелген. Өсу үрдісі байқалған Мақтаарал, Жетісай мен Сайрам аудандарында шектеулер шараларын қатаңдату туралы жұмыстар жасалуда. Осыған орай облыс басшысы карантин талаптары мен мобильдік топтардың жұмысын күшейтуді, тұрғындардың көшеге тек бетпердемен шығуы және халық көп шоғырланатын орындарында міндетті әлеуметтік арақашықтықты қатаң түрде сақтауды тапсырды. Аудан, қала әкімдері мәжіліс барысында кемшіліктерді жойып, оған жол берген жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктерін қарауды жүктеді.
«Қайтадан тәртіп орнатыңыздар. Кей жерлер, әсіресе мейрам күндерінен кейін босаңсып кетіп жатыр. Бұған жол бермеу керек. Арақашықтықты сақтау мәселесі, маскалық режим, карантин шектеулерінің сақталуын қатаң қадағалау қажет. Барлық аудан, қала әкімдері бұған тікелей жауапты береді», – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппарат мәжілісінде Түркістан қаласын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Қаланы көркейту, көгалдандыру мәселелері мен инфрақұрылымды дамытуды күшейтуді баса айтты. Сондай-ақ су қоймаларының құрылысы мен көлдер жүйесінің жаңартуын көктемге дейін толық аяқтауды міндеттеді.
Атап айсақ, Кеңсай-Қосқарған-2 су қоймасында алдыңғы үлкен және кіші дамбаның бетін бетондау жұмыстары жүргізілуде. Дамба жердің еңістігіне қарай 15м дейін көтеріліп, су қысымын ұстауға арналған артқы призмасы, кіші дамба мен апатты су қашыртқы 100% аяқталған. 1,1 млн. м3 топырақ нығыздалып төселді. Құрылыс жұмыстарына 125 техника және 160 жұмысшы жұмылдырылған. Су арнасы бетондалып, жер жұмыстары жалғасуда. Шошқакөл көлдер жүйесін жаңғырту бойынша шығыс дамбасындағы жұмыстар және №1,2 Оңтүстік Батыс дамбасындағы жұмыстар аяқталуға жақын. Су арнасы 300 млн.м3 суды қабылдауға дайын.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі