ШЫМКЕНТТЕ ОНКОЛОГТАР НАУҚАСТАРҒА ВИДЕОТОРАКОСКОПИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАУДА
ШЫМКЕНТТЕ ОНКОЛОГТАР НАУҚАСТАРҒА ВИДЕОТОРАКОСКОПИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАУДА
Қалалық онкологиялық орталықта сол өкпесінің төменгі бөлігінің ісігі диагнозы қойылған 49 жастағы науқасқа видеоторакоскопиялық әдіспен ота жасалды. Операция барысында мамандар ісікті аппараттың көмегімен тіліксіз алып тастады.
Науқастың өкпесіндегі ісік флюрографиялық тексеру кезінде анықталып, онкологиялық орталыққа жолдама арқылы келген болатын. Ота жасалған күні-ақ науқас жан сақтау бөліміне емес, бірден палатаға ауыстырылды.
Онкологиялық орталықта екі жылдан бері отаны видеоторакоскопиялық әдіспен жасау қолға алынған. Мұндай отаның артықшылығы көп. Науқас операцияны жеңіл көтереді және асқынулар өте сирек кездеседі. Сондай-ақ, науқас наркотикалык анальгетиктер қабылдамайды.
–Операция болған күні науқас өздігінен жүріп, ауруханадан 3-4 күнде үйіне шығарылады. Осы әдіспен жасалған отадан кейін науқас оңалтуды қажет етпейді. Мұндай видеоторакоскопиялық әдіс өкпе қуысы органдарының катерсіз және алғашқы сатыдағы қатерлі ісіктері кезінде қолданылады, -дейді жоғары дәрежелі хирург Самат Исмаилов.
Онкологтар қала тұрғындарына жылына бір рет фоюрографиялық тексерістен өтіп, өкпеден ісік белгілері табылған жағдайда міндетті түрде медицина маманның кеңесіне жүгінуді ескертеді.
Қосымша сұрақтар бойынша +7 702 023 13 43 нөміріне хабарласуға болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі