ШЫМКЕНТТЕ 2021 ЖЫЛЫ КОММУНАЛДЫ ТАРИФ БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ БОЛМАҚ
ШЫМКЕНТТЕ 2021 ЖЫЛЫ КОММУНАЛДЫ ТАРИФ БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ БОЛМАҚ
Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Д.Қайыңбердиев баспасөз брифингте мәлімдеді.
–Департаменттің тарифтерді реттеу бойынша жүргізген жұмысының нәтижесінде 2019 жылдан бастап тұтынушылардың 13 млрд теңге қаржысы үнемделді. Өткен жылы 4 млрд теңге үнемделсе, биылғы жыл қысқарған қаржы 2,76 млрд теңгені құрап отыр. Уақытша өтемдік тариф үшін 1 млрд теңге қаралса, төтенше жағдай кезінде 40 млн теңге, жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеуде 65,8 млн теңге кері қайтарылды, — деді Д. Қайыңбердиев.
Сондай-ақ, тұрғындардың өтінімдері бойынша 1, 745 млрд теңге қаржы үнемделсе, негізсіз төленген 320,6 млн теңге тұтынушыларға кері қайтарылған. Ал, 2021 жылдың 1 қаңдардан бастап 3 млрд теңгені үнемдеу жоспарланып отыр. Осылайша шаһарда 210 мың абоненттің құқығы қорғалды.
Қосымша сұрақтар бойынша тегін 109 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады.
Фото: Береке Сейітжаппар
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі