ШЫМКЕНТТЕ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫҢ ДАМУЫНА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫҢ ДАМУЫНА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ

Ел Президентінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес үшінші мегаполисте ауылшаруашылығын дамыту үшін бірқатар жұмыстар атқарылып, солардың бірі аграрлық сектордың дамуына көңіл бөлінуде. Осы орайда 2 бірдей агро-индустриалды аймағын іске қосу жоспарланып отыр.

Бірінші агро-индустриялды аймаққа қала аумағынан 136 га жер бөлініп, бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаның толық іске қосылуы екі кезеңнен тұрады. Атап айтқанда, бірінші кезеңде 8 инвесторға 30 га жерге жылыжай салу үшін 12 жылға жалға берілді. Ал, екінші кезеңде 60 га жерге 20 жобаны жүзеге асыру көзделген.

Екіншісі, Қайнарбұлақ тұрғын алабы маңында ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Мұнда биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісін салу («Tengri World» ЖШС) және сүт өндіру зауытын салу («Балмұздақ» ЖШС) жобалары жүзеге асырылатын болады. Сонымен бірге, шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобаларды жүзеге асырылады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *