Шымкентте топырақ жолдар 10 пайызға азайды
Бүгін белгілі болғандай, шаһардағы топырақ жолдардың қатары 10 пайызға кеміпті. Сала мамандарының мәлімдеуінше, жыл басынан бері 300 шақырым топырақ жолға шағал тас төселген. Нәтижесінде шаһарда асфальтты жолдың үлесі артқан. Жоспар бойынша жыл соңына дейін әлі 20 шақырым жолға шағал тас төселеді екен.
Абай Тұрханов, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының маманы: «Біздің қаламызда 425 шақырым топырақ жол бар еді. Биыл 300 шақырымға 320 млн. теңге қаражат бөлініп, тас төселді. Енді 20 шақырым жолға тас төсейміз”.
Нұрлан Күдерұлы