ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: АҚТАЛУ АБЫРОЙ ӘКЕЛМЕЙДІ

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: АҚТАЛУ АБЫРОЙ ӘКЕЛМЕЙДІ

slider

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанның рухани – мәдени орталығында бой көтерген ғимараттар мен әлеуметтік нысандардың құрылысын аралады. Мердігерлермен кездесіп, оларға жұмысты ширатуды тапсырды. Келісім-шартта көрсетілген тиісті міндеттерді бұзғандарға, кестеден кешіккен не шарт бұзғандарға шара көрілетінін қадап айтты.

«Ақталу абырой әкелмейді. Жүктелген міндеттің жүгі ауыр болса, әлек болмау керек. Басқаларға жол берілсін. Бұл салада себеп пен сылтау сүйрегендерге орын жоқ»,-деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы аралаған ғылыми-әмбебап кітапханасының сыртқы және ішкі әрлеу, инженерлік желілерін монтаждау және құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс басында 184 жұмысшы бар. Нысанның кестеге сәйкес аяқтау және құрал-жабдықтарын орнату кезеңі желтоқсан айына жоспарланған.

Өңір басшысы құрылысы аяқталған Драма театр мен «Ұлы дала елі» орталығында болды. Театрда сахналық құрал-жабдықтар мен жиҺаздарын орнату, инженерлік желілерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Драма театр аумағы абаттандырылуда. Жолаяқ төселіп, көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Субұрқақтардың сыртын гранитпен қапталып қондырғылары орнатылған. «Ұлы дала елі» орталығы құрылыс-монтаждау жұмыстары толығымен аяқталған. Бүгінгі таңда медиа құралдарын іске қосу, үйрету жұмыстары жүргізілуде.

Осыдан бір жыл бұрын іргетасы қаланған 630 орындық көпсалалы аурухананың құрылысы мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. «Sembol construction» түрік компаниясының қаржыландыруымен салынып жатқан кешенді емдеу орталығы келер жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Жалпы аумағы 16 гектар жерді алатын көпсалалы ауруханада диагностикалық кеңес көрсетуден бастап нейрохирургия, урология, жарақат, қатерлі ісік аурулары сынды медициналық көмек көрсететін бөлімдер жұмыс істейді. Ғимарат толықтай заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмек.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *