ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

slider
Алматы қаласындағы «Ақбұлақ 1» базасында грек-рим күресінен ҚР ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиындары өтуде. Аталған жиынға Шымкент қаласының балуандары да шақырту алған. Ұлттық құрама сапында Әлімхан Сыздықов, Элмар Үкәлі, Шамиль Батыров және Әділхан Сатаев сынды балуандар жаттығуда.
Сондай-ақ, еркін күрестен Ғабит Төлепбай, Нұржан Сейітжан сынды Шымкент қаласының спортшылары да ұлттық құраманың жиынында тер төгуде.
Таяуда ғана грек-рим күресінен аса ауыр салмақта Қазақстан чемпионы атанған Әлімхан Сыздықов бүгінде Олимпиада ойындарына дайындықты бастады. 130 келіде белдесетін балуан Олимпиада жолдамасын жеңіп алуға ниетті. Ол 130 келіге дейінгі салмақта бірінші рет ресми жарыстарда белдесіп, үздік шықты.
Атап өтсек, грек-рим күресінен Шымкент қаласы құрамасы ел чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде жеңіп алған болатын. Ал еркін күрестен балуандар бір күміс, бір қола жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ, бокстан ел чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар да «Ақбұлақ» базасында ұлттық құрама сапында жаттығуға кірісті. Жалпы Шымкент қаласы спортшылары бүгінге дейін 4 Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *