ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ЖАЛПЫ ӨНІМДЕГІ ҮЛЕСІН АРТТЫРУ ҮШІН БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ ЕКІ ЕСЕГЕ ҰЛҒАЙДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ЖАЛПЫ ӨНІМДЕГІ ҮЛЕСІН АРТТЫРУ ҮШІН БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ ЕКІ ЕСЕГЕ ҰЛҒАЙДЫ

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында дағдарысқа қарсы шаралар қабылданып, 26 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі мүлік және табыс салықтарынан босатылды.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен баспасөз брифинг кезінде баяндады.


– Қалада кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын қалпына келтіру үшін 1 482 субъектінің 13 млрд теңге несие төлемдерін кейінге қалдыруға қолдау көрсетілді. Қазір қала бойынша жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 28,4 пайызды құрап отыр, — деп көрсетті Мұрат Әйтенов.

Сонымен қатар, биыл «Бизнестің жол картасы -2025» аясында бөлінетін қаржыны 2 есеге ұлғайтып, 5,4 млрд теңге бөлінгенін жеткізді.

Айта кетейік, қалада 72 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде 160 мыңнан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *