ШЫМКЕНТТЕ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ ӨСІП, КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН
ШЫМКЕНТТЕ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ ӨСІП, КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН
Шымкент қаласында 2 жыл бұрын өнеркәсіп өнім көлемі 319 млрд теңге болса, бүгінгі күні 523 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен баспасөз брифингінде баяндады.
– Елбасы Жарлығымен Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қалалар санатына қосылғанына 2 жылдан астам уақыт өтті. Бұл тарихи шешім қаламыздың болашағы үшін үлкен мүмкіндік ашты. Осы жылдар аралығында шаһарға 1 трлн теңге инвестиция тартылды. Қала бюджеті 131,2 млрд теңгеден 455,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды, — деді М.Әйтенов.
Сондай-ақ белсенді кәсіпкерлердің үлесі 71 пайыздан 88 пайызға артқан.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі