ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЭПИДИМЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЭПИДИМЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Оның сөзінше, пандемия кезінде 250 төсек орындық карантиндік стационарда 849 пациент емделген. Сондай-ақ, 16 пациент провизорлық стационарға ауыстырылған.
«Пандамия кезінде қалада 320 төсек орындық провизорлық стационарда 1384 пациент емделіп шықты. Covid-19 коронавирус инфекциясына ПЦР талдауына оң нәтиже берген 88 науқас инфекциялық госпитальға ауыстырылды. Ал, 50 төсек орындық инфекциялық госпитальда Covid-19 коронавирус инфекциясымен 56 науқас жазылып шықты . Қайтыс болғандар тіркелмеді», – деді бас дәрігер.
Ауруханада эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің ішінен коронавирус инфекциясын жұктырған 11 тұлғаға оның ішінде 8 дәрігерге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін бір реттік әлеуметтік төлем ретінде екі миллион теңгеден төленді.
Айта кетейік, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы күз бен қысқы кезенде COVID-19-дың алдын алу және емдеу бойынша іс-шаралардың (А,Б,В,Г) жоспарын дайындап бекітті. Айталық, індеттің екінші толқынына байланысты 250 төсек орындық провизорлық стационар, «Ақмарал» клиникасында 70 төсек- орындық провизорлық стационар, барлығы 320 төсек орындық провизорлық стационар ашуға толық мүмкіншілік бар.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі