Бірінші сынып оқушыларына жылдық қорытынды баға қойылмайды
Бірінші сынып оқушыларына жылдық қорытынды баға қойылмайды
Студенттердің және оқушылардың аралық және қорытынды аттестаттауының Типтік ережелеріне өзгертулер енгізілді.
ҚР Білім және ғылым министрі 2020 жылғы 21 қазандағы қаулысы бойынша орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін сабақ үлгерімінің биылғы мониторингісінің, студенттердің және оқушылардың аралық және қорытынды аттестаттауының Типтік ережелеріне өзгертулер енгізді, деп хабарлайды zakon.kz.
Сонымен, оқушылардың аралық аттестациясынан сабақ үлгерімін бақылау тәртібін қарастыратын тарау мүлдем алынып тасталды.
Сонымен бірге мұғалімнің жазбаша немесе ауызша ұсыныс арқылы (дәптерде немесе күнделікте) жүзеге асырылатын формативті бағалау қолға алынды, ол үй тапсырмасы, оқушылардың оқу мақсаттарын игерген-игермегендігі, дифференциальды жұмысты одан әрі құрудағы жетістіктерін бақылау үшін жүзеге асырылады.
Белгіленгендей, шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде оқушылардың білім жетістіктері формативті түрде баллмен бағаланады. 2-11 (12) сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау бір балдан 10 балға дейінгі аралықта жүзеге асырылады.
Қорытынды баға формативті бағалау нәтижелері және БЖБ мен ТЖБ-дан алған бағаларына қарай 50%/50% пайыздық қатынаста қойылады.
Аптасына 1 сағат болатын сабақтың жарты жылдық бағасы формативті бағалау және БЖБ нәтижелері бойынша қойылады.
Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған жағдайда, Қорытынды баға формативті бағалауды, бір БЖБ мен бір ТЖБ нәтижелерін ескере отырып қойылады.
Сондай-ақ, 1-сыныпта жылдық қорытынды баға деген жоқ. Бұрын бірінші сынып оқушылары 3-ші және 4-ші тоқсандардың қорытындылары бойынша жиынтық бағалау нәтижелері бойынша бағаланатын.
Сонымен бірге 1 сынып оқушылары психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы негізінде немесе баланың ата-анасымен немесе заңды өкілдерімен келісімі болмаса, келесі оқу жылына қалдырылмайды.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап өз күшіне енеді (18 қараша).