ҚАЛА ӘКІМІ 100 ЖАСҚА ТОЛҒАН СОҒЫС АРДАГЕРІН МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ 100 ЖАСҚА ТОЛҒАН СОҒЫС АРДАГЕРІН МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Халел Атантаев ақсақал 100 жасқа толды. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қазыналы қарияның шаңырағында болып, мәртебелі мерейтойымен құттықтады.


100 жасқа толған ардагер әлі де тың. Мұрат Дүйсенбекұлы қарияға сый-құрмет көрсетіп, ұзақ ғұмыр тіледі.
Халел Атантаев 1920 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң әскер қатарына шақырылып, көп ұзамай Ұлы Отан соғысы басталып кетеді. Ол Батыс фронтында ұрыс майданына қатысып, жер үшін, ел үшін күресте жауға тойтарыс берді. 1948 жылы елге оралған соң Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінде қызмет атқарды. Бүгінде 3 ұл мен 1 қыз, 10 немереден 4 шөбере сүйіп отыр.

Майдандағы және елдегі еңбегі ескеріліп, көптеген медальдармен марапатталған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сурет: Береке Сейтжаппар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *