АБАЙ АУДАНЫНДА САЛЫҚ ТҮСІМІНІҢ КӨЛЕМІ АРТҚАН

АБАЙ АУДАНЫНДА САЛЫҚ ТҮСІМІНІҢ КӨЛЕМІ АРТҚАН

slider
slider
Абай ауданында инфрақұрылым мен кәсіпкерлік бағытын дамыту үшін биыл 29,3 млрд теңге инвестиция тартылған. Оның ішінде 25,2 млрд теңге бюджеттік қаржы болса, жеке инвестиция көлемі 4,1 млрд теңге.
Ауданның инвестициялық ахуалы мен жергілікті бюджеттің орындалуы жөнінде Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов баспасөз брифингте мәлімдеді.
Бұхарбай Рысқұлұлының сөзінше 2021 жылы ауданға тартылатын инвестицияның көлемін ұлғайту жоспарланған, 41,7 млрд теңге. Оның ішінде бюджеттік қаржы 29,7 млрд теңге, жеке инвестиция 12 млрд теңге деп болжанып отыр.
–Биыл салықтан түскен қаржының көлемі артып отыр. Түсімдердің көлемі өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 3,2 млрд теңге(2019 жыл 9820,5 млн теңге) кіріс түсіп, жоспар 133% атқарылды, -деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының жаңа статусқа ие болуына байланысты жеке тұлғалардың мүлік, жер салықтары есебінен түсімдердің өсу қарқыны 138,0 млн теңгеге артқан.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *