ТҮРКІСТАНДА 630 ОРЫНДЫҚ АУРУХАНА САЛЫНУДА
ТҮРКІСТАНДА 630 ОРЫНДЫҚ АУРУХАНА САЛЫНУДА
Түркістан қаласында 630 орынға лайықталған көпсалалы облыстық аурухананың қабырғасы қалануда. Медициналық орталықтың жалпы көлемі 156 мың шаршы метрден асады. Нысанның құрылысы 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған. Заманауи аурухана толықтай іске қосылса, 1500-ге жуық маман жұмыспен қамтылады. Жоба бойынша амбулаторияда 44 жедел жәрдем бөлімі жұмыс жасамақ. Сонымен қатар, ғимаратта жүрек-қан тамырлары реанимациясы, Коронарлық реанимация, IDDIN және күйікті емдеу бөлімдері болады.
Одан өзге, жаңа ауруханада 16 ота жасау бөлмесі, 13 жоспарлы және 3 жедел медициналық көмек көрсету бөлімдері, 34 жалпы дәрігерлік амбулатория тұрғындар үшін қызмет көрсететін болады.
Көпсалалы облыстық аурухананың құрылыс жұмыстарын «KAZPACO» компаниясы жүргізуде. Ол үшін мердігер мекеме 1000-ға жуық жұмысшы жұмылдырған. Құрылыс екі ауысымда жүргізілуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі