Түркістан төрінде ерекше кеш өтті
Түркістан төрінде ерекше кеш өтті
Түркістан қаласында белгілі композитор, ғалым әрі журналист Бекжігіт Сердәлінің шығармашылық кеші өтті. «Өмірде де, өнерде де сан қырлы» атты шара сазгердің 60 жас мерейтойына арналды.
Салтанатты шараға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ проректоры Камалбек Беркінбаев, профессор, дінтанушы Досай Кенжетайұлы, Түркістан қаласы әкімі орынбасары Мұрат Базарқұлов, ҚР композиторлар одағының Түркістан облысы бойынша төрайымы Құралай Сәтмұханбетова, Түркістан облыстық журналистер одағының төрағасы Ғалымжан Елшібай, республикалық «Сарасөз» журналының бас редакторы Гүлжаз Қарыбекқызы және де Бекжігіт Сердәліні құттықтап келген бір топ әріптес-достары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында сазгердің «Танымал әннің тарихы» кітабының тұсауы кесілді. Сонымен қатар сазгерге арналған «Сарасөз» журналының жаңа нөмірі таратылды.
Мұнан соң шығармашылық кешке келген құрметті қонақтар арнайы құттықтау хаттарын тапсырып, сазгерге сый-сияпат көрсетті. Жылы лебіз соңы әрі қарай Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Оңтүстік- фильм» мекемесі әзірлеген «Өмірде де, өнерде де сан қырлы» атты 45 минуттық фильмі көпшілік назарына ұсынылды.
Түркістан облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі