Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовты қабылдады

Мемлекет басшысына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің биылғы жұмыстары және Оқу орнын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жоспары туралы ақпарат берілді,деп хабарлады Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев университет жұмысының қорытындыларына оң баға беріп, оның аймақтағы жетекші жоғары оқу орны ретіндегі халықаралық мәртебесін нығайту қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына университет жанынан ашылған «Абай академиясы» туралы мәлімет берілді. Президент шетелде Абай Құнанбайұлының мұрасын ұлттық бренд ретінде насихаттау жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Сыдықовқа Еуразия Ұлттық университетінің базасында ашылатын оқу-зертханалық кешенінің құрылысы жөнінде және басқа да бірқатар тапсырма берді.

www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/meetings_and_receptions/prezident-kasym-zhomart-tokaev-lngumilev-atyndagy-euraziya-ulttyk-universitetinin-rektory-erlan-sydykovty-kabyldady

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *