Алматыда ақша айырбастау пунктіне шабуыл жасалды (фото)

Алматыда «Москва» ойын-сауық орталығына жақын жерде орналасқан ақша айырбастау пунктіне шабуыл жасалды. Алайда күдіктінің тонау әрекеті жүзеге аспаған деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қаруланған ер адам ақша айырбастау пунктіне шамамен 18:30-да кіріп келген. Ол қорқытып, ақшаны қолма-қол алып кетпекші болыпты.

Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз, полицияның мәліметінше, күдікті құр қол кеткен.

Құзырлы орган бұзақы табылатынына сенімді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *