Шымкентте карантин ұзартылды, бірақ жәрмеңке өткізуге рұқсат берілді
Шымкентте карантин ұзартылды, бірақ жәрмеңке өткізуге рұқсат берілді
Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулысында карантинді ұзартты және жәрмеңкелердің жұмысына рұқсат берді, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкентте карантин мен шектеу шаралары 26 қазанға дейін ұзартылды.
Демалыс және мереке күндері жабық базарларға тыйым салынады.
«Жәрмеңкелердің қызметін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асыру, оның ішінде дезинфекциялық тоннель мен санитайзерлер орнатуды қамтамасыз ету керек», — делінген қаулыда.
Сондай-ақ, жаңа құжатта жәрмеңкелерде балалар ойын алаңдарының, батуттар мен фуд-корттарының жұмысына тыйым салу алынып тасталған.
Құжат Шымкент қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

