Түрмедегі күйеуіне жағдай жасамақ болған әйел пара беріп ұсталды
Түрмедегі күйеуіне жағдай жасамақ болған әйел пара беріп ұсталды
Шымкентте түзету мекемесінде отырған азаматтық некедегі жолдасына жағдай жасаймын деген әйел басшылыққа пара беріп ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің өкілі Жазира Әуесхан мәлім еткендей, 30 қыркүйек күні Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/11 мекемесінің басшылығына пара берген әйел ұсталды. Ол қамауда отырған азаматтық некедегі күйеуіне жазаны өтеуде ыңғайлы жағдай жасауды сұрап, 1500 АҚШ доллары көлемінде заңсыз сыйақы берген.
https://www.inform.kz/kz/turmedegi-kuyeuine-zhagday-zhasamak-bolgan-ayel-para-berip-ustaldy_a3701220