ШЫМКЕНТТЕГІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ҚАРТТАР КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
ШЫМКЕНТТЕГІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ҚАРТТАР КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
Қариясы бар ел — қазыналы ел. Қарттар күні қарсаңында Шымкент қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына келген зейнеткерлерге тосын сый ұйымдастырылды. Мамандар оларға гүл мен сыйлық үлестіріп, кезектен тыс сапалы қызмет көрсетті.
– Біздің ата-аналарымыз бен әжелерімізден қымбат не болуы мүмкін? Олардың әрқашан сау болғанын және ешқашан қайғырмағанын қалаймыз. Басты назар оларға аударылады. Қарттар — біздің қазынамыз. Оларға көңілден басқа ештеңе қажет емес, — деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Шымкенттегі филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.
Еліміздің қанат жайып, өркендеуіне, ұрпақтарының жарқын келешегіне тілекші қарияларымыздың арамызда алаңсыз, аман-сау жүруі маңызды. Мұндай шара шаһардағы барлық фронт-кеңселерде жалғасады.