Нұр-Сұлтан әуежайының бұрынғы бас есепшісі тергеу абақтысында өзіне қол жұмсамақ болды
Нұр-Сұлтан әуежайының бұрынғы бас есепшісі тергеу абақтысында өзіне қол жұмсамақ болды
Қылмыстық іс Бабашеваның ауруына байланысты кейінге қалдырылды. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша, ол әзірге сот процесіне қатыса алмайды
Елорда әуежайының бұрынғы бас есепшісі тергеу изоляторында өзіне қол жұмсамақ болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының қаулысында айтылғандеп хабарлады Sputnik.кз
№8 емханадағы невропатолог дәрігер қарағаннан кейін, басқа құжат бойынша азамат Бабашеваға «Логоневроз. Вегетоваскулярлық дистония» деген диагноз қойылды (кекештену – Sputnik).
«Бұл сөйлеудің бұзылуына алып келетін ауру. Емдеу ұзақтығы тергеудегі адамның жағдайына және тағайындалған емдеу курсына байланысты. Дәрігердің қорытындысы бойынша А.Е.Бабашева сот отырысына қатыса алмайды. Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы және сотталушы А. Е. Бабашеваның қорғаушысы сараптама жүргізу туралы өтініш білдірді», — деді соттағы мамандар.
Осы сараптама тағайындалғаннан кейін экс-есепші Бабашеваның өзін-өзі өлтірмек болғаны туралы хабарлама келіп түсті, делінген хабарламада.
Осыған байланысты оның психологиялық және эмоционалдық жағдайын нақтылау қажет болған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс А.Е.Бабашеваның ауруына байланысты кейінге қалдырылды. Астаналық әуежайдың бас есепшісі ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілікті.
«Нұр-Сұлтан» халықаралық әуежайының бас есепшісі лауазымды азаматтарға 16 миллион теңге пара берді және заң жүзінде жұмыс істемеген 30-дан астам компанияның есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы әуежайдың 1,7 миллиард теңге көлеміндегі қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр.
Биыл сәуір айында іс сотқа жіберілді.
https://sputniknews.kz/society/20200930/15095460/auezhay-bas-esepshsi-turme.html