Шымкентте көшеде ер адам төрт баланың анасын зорлағысы келген
Шымкентте көшеде ер адам төрт баланың анасын зорлағысы келген
Шымкентте көшеде ер адам төрт баланың анасын ұрып, зорлық жасағысы келген, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі «Отырар» басылымына сілтеме жасап.
Шәмші Қалдаяқов көшесінің қиылысымен Абай даңғылының бойындағы үйіне қайтып келе жатқан әйелге белгісіз ер адам шабуыл жасаған. Ол келіншекті ұрып, адам жоқ жерге алып барған. Жыныстық сипаттағы әркеттер көрсетіп, телефоны мен жүзігін тартып алған. 35 жастағы әйел қарсылық білдіріп, көмекке шақырған.
«Кешке жұмыстан қайтып жатқам, белгісіз біреу қолымнан ұстап, стендке қарай сүйреп апарды. Тұншықтырды. Ол менің сақинам мен әмиянымды, телефонымды тартып алды», — деді зардап шеккен әйел.
Араға жарты сағат салып, Абай ауданының патрульдік полиция полкінің қызметкері зардап шегушінің сипаттамасына сай келетін адамды қолға түсірді. Тексеру кезінде 38 жастағы тұрғынның қалтасынан алтын сақина мен зардап шеккен адам көрсеткен ақша табылды.
Күдікті қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр. Ол өзінің кінәсіз екенін айтып, керісінше, әйелге ақша бергенін мәлімдеді.
«Ол маған неке сақинасын берді. Мен телефонды алмадым. Мен дүкенге нан алғалы барғам. Әйел шығып «кешіріңіз, сіз көмектесе алмайсыз ба» араққа ақша жеткіліксіз деді де, сексуалдық сипаттағы қызмет ұсынды. Мен қалтамдағы бар ақшамды бердім», — деді ол.