Қазақстанда кезекші сыныптардағы төрт оқушыдан коронавирус анықталды

Қазақстанда кезекші сыныптардағы төрт оқушыдан коронавирус анықталды

Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныптардағы төрт оқушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті айтты, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«1 қыркүйектен бастап облыс аумағында төрт жағдай тіркелді. Олар Шемонаиха ауданының 4-сынып оқушылары, Көкпекті ауданының 11-сынып оқушысы және Алтай ауданының 2-сынып оқушысы. Науқастар оқитын мектептер шағын жинақты мектептер болып саналады», — дейді департаменттегілер.

Қазір облыс аумағында 14 күндік карантинге екі сынып пен бір мектеп жабылды. COVID-19  анықталған барлық мектепте эпидемияға қарсы дезинфекциялық шаралар жүргізілді, дейді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *