17000 МЕТР АРЫҚ ТАЗАЛАНЫП, 350 КУБ МЕТР КҮЛ-ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

17000 МЕТР АРЫҚ ТАЗАЛАНЫП, 350 КУБ МЕТР КҮЛ-ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында күзгі санитарлық тазарлық жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Ішкі орам көшелер мен аулаларды санитарлық тазалау, абаттандыру, арық-атыздарды ретке келтіру басты назарда.
Қаратау ауданы аумағында күзгі санитарлық тазалау жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Ішкі орам көшелер мен аулаларда қоқыстарды, қураған шөптерді жинау жұмыстары кезекті рет орындалды. Күзгі мезгілде жауын-шашынның көп болуына орай, ауданда арық-атыздарды тазалау да назардан тыс қалған жоқ.


Жалпы аудан аумағындағы 24 елдімекенге əкім аппараты тарапынан жауапты мамандар бекітілген. Санитарлық тазалау жұмыстарына жауапты – «Ақсемсерстройсервис» ЖШС-і.


Қазіргі таңда 17000 метр арық тазалынып, 350 куб метр күл-қоқыс шығарылды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *