Қазақстанда мұғалімдер үшін ұлттық біліктілік тесті басталды
Қазақстанда мұғалімдер үшін ұлттық біліктілік тесті басталды
Коронавирус пандемиясына байланысты біліктілік сынағы уақытша тоқтатылған болатын, 14 қыркүйектен бастап ұлттық тестілеу қайта жанданды,деп хабарлады Sputnik.кз
Қазақстанда мектеп мұғалімдері үшін ұлттық біліктілік тесті басталды, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігі.
Мұғалімдер үшін біліктілік сынағы 14-29 қыркүйек аралығында өтеді.
«Бүгіннен бастап, яғни 14 қыркүйектен 29 қыркүйекке дейін жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін ұлттық біліктілік тесті басталды», — делінген хабарламада.
Одан кейін біліктілік сынағын мектепке дейінгі білім беру, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері және білім ұйымдарының басшылары тапсырады.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұлттық біліктілік тесті уақытша тоқтатылған болатын.
Айта кетсек, тест тапсырып, біліктілігін растаған мұғалімдерге үстемеақы төленеді.