Демалыс күндергі локдаундар сақталады — Цой
Демалыс күндергі локдаундар сақталады — Цой
Министрдің айтуынша, біздің елдегі жағдай тұрақтанғанымен, бірқатар Еуропа және Азия елдерінде тамыз айының басынан бастап КВИ індеті қайта бас көтеріп, көбейіп жатыр. Мысалы, аурудың өсімі Италия, Австрия, Испания, Германия және Түркияда байқалады.
Қазақстанда белгілі бір шектеу шаралары мен демалыс күндеріндегі локдаун сақталады, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында, деп хабарлады zakon.kz.
— Енгізілген қатаң шектеу шараларының арқасында 5 шілдеден бастап төсек тапшылығы төмендеді, емханалар үйге барып қызмет көрсету форматына көшті. Сонымен қатар, біздің елдегі жағдай тұрақтанғанымен, бірқатар Еуропа және Азия елдерінде тамыз айының басынан бастап КВИ індеті қайта бас көтеріп, көбейіп жатыр. Мысалы, аурудың өсімі Италия, Австрия, Испания, Германия және Түркияда байқалады, — деді Цой.
Ол ТМД елдерінде орташа өсім 0,5% -ды құрайтынын, бұл Қазақстанмен салыстырғанда 5 есе жоғары көрсеткіш екенін айтты.
Бүгінгі күні оның айтуынша, КВИ-мен күресте қоғамның алдын алу шараларын қалай сақтап, орындайтындығы маңызды.
Министр, мәселен Швейцарияның оралғанда азаматтарға карантинде болу міндеттелетін шетелдер тізімі ішінен Қазақстанды алып тастағанын баса атап өтті.
— Дегенмен Швейцарияға басқа елдерден келетін адамдар әлі де карантинге алынады. Ондағы елдердің тізімі жиі жаңартылып отырады. Бұл біздің КВИ-мен күресте дұрыс тактика қолданып отырғанымызды айғақтайды. Оң динамиканы сақтау үшін кейбір шектеу шаралары мен демалыс күндергі локдаун сақталады, — деді Цой.
Жалпы алғанда, еліміз тұрақты эпидемиялық жағдайға қол жеткізген.
— 9 қыркүйектегі жағдай бойынша 106 498 КВИ науқас тіркелді, соңғы тәулікте 73 адамнан КВИ анықталды, 4 810 адам ем алып жатыр, 100 042 адам КВИ-ден емделіп, сауықты, бұл науқастардың — 98%. 1 646 адам қайтыс болды, — деп сөзін қорытындылады Денсаулық сақтау министрі.