Ақтоғай кен байыту фабрикасында жұмысшы қаза тапты

Ақтоғай кен байыту фабрикасында жұмысшы қаза тапты

Оқиға орнындағы жұмыстар тоқтатылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Сурет : saratov24.tv8 Қыркүйек 2020, 16:28

KAZ Minerals Тобы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Ақтоғай кен орынының екінші байыту фабрикасының құрылыс алаңында орын алған жазатайым оқиға орын алғанын жеткізді, деп хабарлады   kaz.zakon.kz     altaynews.kz.-қа сілтеме жасап.

Жетінші қыркүйек күні сағат 22.00 шамасында монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде мердігерлік ұйым — ICG компаниясының қызметкері биіктіктен құлап кеткен. Алған жарақаттардың салдарынан зардап шеккен азамат қайтыс болды.

— Оқиға орнындағы жұмыстар тоқтатылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады, — деп KAZ Minerals Тобының баспасөз қызметі хабарлайды.

/kaz.zakon.kz/5038979-a-to-ay-ken-bayytu-fabrikasynda-zh.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *