ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА 360-ҚА ЖУЫҚ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ТОЛЫҒЫМЕН АЯҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА 360-ҚА ЖУЫҚ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ТОЛЫҒЫМЕН АЯҚТАЛДЫ

slider

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында топан судан зардап шеккен елдімекендерді қалпына келтіру мақсатында 895 үй қайта салынуда. Қазіргі таңда 360-қа жуығының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Қалған баспаналардың қабырғалары қаланып, шатыры жабылуда. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев ауданға арнайы іс-сапармен барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

«Жалпы ауданда салынып жатқан 985 үйдің 195-сі Өргебас, 314-і Фирдауси ауылдарында, 386-сы Мырзакент кентінде бой көтеруде. Бүгінгі есеп бойынша Өргебаста 44, Фирдауси елді мекенінде 88, Мырзакент кетінде 227 құрылысы аяқталып отыр. Жоспар бойынша барлық үйлер қазан айының соңына дейін толығымен салынып бітуі керек. Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының тікелей қадағалауында тұрған бұл жұмыстар бүгінде қарқынды түрде жүргізілуде», – деді М.Иябайұлы.

Өргебас және Фирдауси ауылдарының тұрғындары баспаналарын мемлекеттің қолдауымен өздері салып жатыр. Үйдің құрылыс жұмыстарына кететін қаржат 3 кезең бойынша берілуде. Тиісті төлемақысын уақытылы алып, жаңа үйге кірген азаматшаның бірі Гүлсара Ештаева.

«Міне, өздеріңіз көріп отырғандай су жаңа үйге ие болып, қуанып отырмыз. Мемлекет тарапынан, қоғамдық қорлардан және халықтан көптеген түрлі көмектер берілді. Мәселен, әрбір отбасы 1 мың АҚШ долларын, әрбір отбасы мүшесі үшін 100 мың теңгеден алдық. Үйдің құрылысына кеткен қаржыны да түгелдей өтемақы ретінде берілді. Одан бөлек, кейбір құрылыс материалдарын да тегін жеткізіп берді. Осындай қиын-қыстау кезеңге түскенде барынша қолдау көрсеткен Президентімізге, облыс әкіміне алғыстан басқа айтарымыз жоқ», – деді Өргебас ауылының тұрғыны.

Ал, Мырзакент кентіндегі бірдей үлгіде салынып жатқан 386 үйдің 196-сы Үкіметтік резервтен, 190-ы қоғамдық қорлардың есебінен жүргізілуде. Сондай-ақ, жаңадан құрылған мөлтек ауданда мектеп, балабақша, медициналық амбулатория және полиция пунктінің салынуда.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *