ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ЖАҢАДАН БОЙ КӨТЕРГЕН «АҚЖАЙЫҚ» МУЗЫКАЛЫҚ МЕКТЕБІНДЕ БОЛДЫ

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ЖАҢАДАН БОЙ КӨТЕРГЕН «АҚЖАЙЫҚ» МУЗЫКАЛЫҚ МЕКТЕБІНДЕ БОЛДЫ

slider

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтықта салынып жатқан халықаралық әуежайға барды. Жаңа әуежайдың құрылысын Түркия елінің   «YDA Group» компаниясы жүргізуде. Нысанды жыл соңына дейін аяқтап, қолданысқа енгізу жоспарлануда. Өмірзақ Естайұлы құрылыс жұмыстарын бақылап, әуежай құрылысын сапалы әрі өз уақытында аяқтауды тапсырды. Бүгінгі таңда әуежайдың құрылыс-монтаждау жұмыстарының 75 %-ы пайызы аяқталған.

Құрылыс алаңына қазірдің өзінде 673 жұмысшы мен 147 бірлік техника жұмылдырылған.  Жол рейстері бойынша бірінші кезекте Түркістаннан Ыстамбұл, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына ұшақтар қатынайтын болады. Сондай-ақ, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Меккеге әуе рейстері болады  деп күтілуде.

Өңір басшысы облыс орталығында  жаңадан бой көтерген «Ақжайық»  музыкалық мектебінде де болды. Онда облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов  Батыс Қазақстан облысы тарту еткен екі қабатты музыкалық мектептің 550 орынға есептелген концерт залы, конференц залы, оркестр, хор сыныбының бөлмелерімен және саз мектептің жұмысымен таныстырды. Өңір басшысы жас өнерпаздардың өнерін тамашалады.

Аймақ басшысы, сондай-ақ, «Rixos Turkestan» қонақ үй кешенінің құрылыс барысын бақылады.  Бүгінде қонақ үйдің  қасбет және абаттандыру жұмыстары, ішкі әрлеу, салқындатқыш жүйесі, инженерлік желілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысына 340 жұмысшы жұмылдырылып, екі ауысымды жұмыс ұйымдастырылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *