Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Шымкент қаласының авиакәсіпорындары қызметімен танысты

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Шымкент қаласының авиакәсіпорындары қызметімен танысты

Бас директор Питер Гриффитс бастаған «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ өкілдері Шымкент қаласындағы «Roboavia» ЖШС заманауи жоғары технологиялық ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығару және пайдалану бойынша отандық кәсіпорында болды. Сапар барысында SAPSAN 3000 ұшқышсыз ұшу аппараты прототипінің, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік базасының мүмкіндіктері көрсетілді.

сурет әлеуметтік желіден алынған

Айта кету керек, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының әуежайына жұмыс сапары барысында «Казаэронавигация» РМК өкілдері әуе қозғалысын басқарудың мобильді диспетчерлік пунктін көрсетті, ал Шымкент халықаралық әуежайының басшылығы «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ делегациясын Шымкент әуежайын 2030 жылға дейін кешенді дамыту жобасымен таныстырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *