Биыл мектептерде Білім күні қалай өтеді

Биыл мектептерде Білім күні қалай өтеді

Биыл мектептерде Білім күні қалай өтеді

Биыл Қазақстан мектептерінде алғашқы қоңырау қалай өтеді? Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ брифингінде түсіндіріп берді, деп хабарлады. 24.kz

«Әрине, алғашқы қоңырау өтеді. Іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Бұл жерде екіге бөліп қарау керек. Себебі, бізде кезекші сыныптарда оқып, 1 қыркүйек күні мектептерге баратын оқушылар да бар. Оларға бөлек формат, ал қашықтан оқитын оқушылар үшін бөлек формат ұсынылады. Әдетте қалай болатын еді? Бірінші қыркүйекте балалар мектепке барып, жалпы мектептік салтанатты жиындар болатын. Ол біткен соң балалар өз сыныптарына барып, сынып сағаттары өткізілетін. Қазіргі жағдайда ондай форматтағы жиын өткізудің қажеті жоқ. Сондықтан әр сыныпта сынып сағаттары өткізіледі. Егер балалар кезекші сыныпта оқыса, дәстүрлі түрде мұғалім сынып сағатын өткізеді. Егер бала қашықтан оқитын болса, бұл іс-шара қашықтан өткізіледі», — деді министр.

Осы категория бойынша: « Министр кезекші сыныптардың жұмысын түсіндірді Жаңа оқу жылында 2 млн 600 мың бала қашықтан білім алады »

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *