«Бавария» Чемпиондар лигасын жеңіп алды
«Бавария» Чемпиондар лигасын жеңіп алды
© Reuters
Футболдан 2019/20 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалында «Бавария» мен «Пари Сен-Жермен» кездесіп, ойын мюнхендік клубтың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
Матч 23 тамызда Лиссабондағы «Эштадиу да Луш» стадионында өтті.
Матчтағы жалғыз голды «Бавария» хавбегі Кингсли Коман салды. 59-минутта Йозуа Киммих асырған допты Коман баспен қақпаға тоғытты.
Осылайша, «Бавария» тарихында алтыншы рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.