ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен кездесу өткізді

Жұма, 21 Тамыз 2020, 15:12:52 ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д. Рогозинмен кездесу өткізді.

Екі тарап ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрі дамыту мен Жерді қашықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылды талқылады. «Бәйтерек» бірлескен ғарыш зымыран кешенін («Назарбаев старты») құру жобасына және БАӘ-мен бірлескен, «Гагарин стартын» жаңғыртудың үшжақты жобасына ерекше назар аударылды. Кездесуге ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Б. Мусин қатысты.

//primeminister.kz/kz/news/kr-premer-ministri-a-mamin-roskosmos-basshysy-d-rogozinmen-kezdesu-otkizdi-2171230

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *