«ЕГІСТЕН СӨРЕГЕ ДЕЙІН » БӨРТЕНІҢ БАСТАМАСЫ

«ЕГІСТЕН СӨРЕГЕ ДЕЙІН »  БӨРТЕ АУЫЛДЫҢ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРІНЕ ҚОСЫМША ЖҰМЫС ТАУЫП БЕРДІ. 

Түркістанның ғана емес бүгінде ел мақтанышына айналған ұлттық бренд  «Бөрте Милка» ЖШС-гі тағы бір игі бастаманы қолға алды.  Сиырды құлтемірмен сауып  отырған компания енді ауылдағы қыз-келіншектерге де қосымша жұмыс тауып берді.  Серіктестік  Ордабасылық жеке 4 шаруашылықпен бірігіп СПК құрды. Сөйтіп Жеңіс ауылына сүт жинайтын контейнер орнатты. Осылайша елімізде  «Атамекен» ҰКП –ның үкіметпен бірлесіп қолға алған  «Егістен сөреге дейін » қанатқақты жобасына  алғашқылардың бірі болып үні қатты.  

Компания жалпы бұл істі бастамас бұрын ішкі нарық пен өндіріс қажеттілігін жан-жақты зерделеп шыққан. жалпы Түркістан облысында сүт өндіретін 21 -ге жуық ірілі ұсақты компания бар. Барлығы біріккенде тіпті қазақстан былай тұрсын өңір нарығын толық қамти алмайды екен. Ал, ауыл-аймақтағы ағайын ірі-қара сүтін кейде қайда өткізерін білмей жатады. Сондықтан бұл бастама ауылдағы ағайын үшін тиімді болмақ.  Өйткені сүт өнімі тұрақты бағада сатып алынады. Бұл бір жағынан ауылдағы бос жүрген қыз-келіншектердің қосымша табыс көзін табуға мүмкіндік берсе екінші жағынан сүтті ірі қара санының артуына да негіз болмақ, дейді мамандар.

«Атамекен» ҰКП мұрындық болған «Егістіктен сөреге дейін» жобасы қай жағынан да тиімді. Енді қосымша ветеринариялық  қызмет көрсету орталығын ашайын деп отырмыз. Яғни, осы СПК -лардың барлығы сапалы қызмет алады. оған қоса үшінші жем-шөп базасымен  де қамтамасыз етеміз, дейді «Атамекен»ҰКП Түркістан облысы бойынша директоры Темір Нақыпбеков. 

Барлық шығынды «Бөрте Милка» ЖШС-гі өз мойнына алған. сүт қабылдайтын танкрдің жалпы құны 2,5 миллион теңге. Бұл  бастама өте тиімді. Өйткені  Қазақстандағы ең ірі сүт фермасының бірі болып саналатын    «Бөрте Милка » өзінің зауытында  күніне небәрі  10 тонна сүт өндіреді. Жалпы кәсіпорын тәулігіне 50 тонна өнімді қайта терең өңдеуге қауқарлы. Сондықтан ауыл-аймақтан жиналған сүт дайын өнім болып өңделеді. Бұл өнімнің өзіндік құнына да  әсер етеді, дейді «Бөрте Милка» сүт зауыты директорының орынбасары Нұрай Алмахан.  «Бұл жоба негізі нарықтық бағамен сүт жинауға бағытталған. Ауыл тұрғындарына өте тиімді. Біздегі үлкен зауыт болған  соң шикізатты джайында үшін тиімді. Бұл жоба солтүстік өңірлерде кеңінен тараған екен. сондықтан тәжірибеден өткен жобаны қолға алып отырмыз, дейді Нұрай Алмахан.

Сүтті  Жеңіс ауылының тұрғыны Гүлнұр Усманова қабылдайды. Өйткені кәсіпкердің өзінде 70 бас сиыры бар. Оның 50-і сауын. 25 жылдан бері мал шаруашылығына ден қойған шаруа төрт түліктің жай-жапсарын жақсы біледі. Ірі қараға қажетті жем-шөпті де өзі орып дайындайды. Бұрын елу сиырдың сүтін бір өзі пісіп, одан сары май мен ірімшік жасайты. Кейде үлгермей сүт ашып, өнім бүлінетін. Енді  артық өнімді жинап өткізетін жер бар. Қосымша қаржысын да алады.  Оған қоса шаруаға жем — шөп дайындауда көмек болмақ. Гүлнар Усманова 7 жыл бұрын «Сыбаға»бағдарламасымен қолындағы малын асыл тұқымды сыйырларға алмастырған. Енді Бөртемен бірігіп одан әрі шаруасын кеңейтпек. Осы уақытқа дейін құрт-майды қолмен жасадым. 25 жыл уақыт өтті. тәжірибемді ауыл жастарына үйретуге дайынмын. енді артық сүтті  зауытқа өткіземіз. Осыны жайлап жолға қойсақ алда сиыр сауатын аппарат аламын, дейді шаруа. 

Жеңіс ауылының тұрғындары да  бөртенің бастамасына ризашылығын білдіріп отыр. өйткені үйде отырып көлденең табыс табады. Онсыз да төрт түлікпен күн көрген ауыл тұрғындары үшін бұл тиімді. Ордабасы ауданы «Жеңіс» ауылының тұрғыны  Күланда апай  бұл бастаманы екі қолдап қолдап отыр.  Өйткені үйдегі келіндер онсыз да күніне екі рет сиыр сауады . Мал басын көбейтіп өнімді осында өткіземіз. Бұрын артық сүт ашып рәсуа болушы еді. Енді ауылдағыларға да тиімді дейді Күланда жақсылықова. жалпы елімізде қолға алынған «Егістіктен сөреге дейін» жобасы алматы жамбыл обылысы мен Түркістанда қолға алынған екен. Жоба тек бір бағытта емес ауыл шаруашылығының барлық саласын қамтиды деген болжам бар.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *