Шымкенттегі қатаң режимдегі колония: құқық қорғаушылар қаладағы түзеу мекемелерінің бірінде болды
Шымкенттегі қатаң режимдегі колония: құқық қорғаушылар қаладағы түзеу мекемелерінің бірінде болды
Шымкенттегі құқық қорғаушылар қаладағы түзеу мекемелерінің бірінде болды, – деп хабарлады Polisia.kz.
2020 жылғы 12 тамызда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Ұлттық алдыналу тетігіне (ҰАТ) қатысушылар тобының жетекшісі Николай Тарара өзінің әріптестерімен Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/2 түзеу мекемесіне жоспарлы түрде тексеріс жүргізді. Құқық қорғаушылар мекеме бастығының тәрбие істері жөніндегі орынбасарымен бірге мекеменің ішкі аумағындағы тұрғын, коммуналдық және өндірістік ғимараттарды аралап шықты.
Аралау барысында ҰАТ мүшелері сотталғандардан ұстау жағдайлары, сондай-ақ медициналық көмек, тамақтану, карантин кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы, сотталғандар үшін заңды ақпараттың қол жетімділігі туралы сұрастырды. Осыдан кейін әкімшілік ғимаратта сотталғандарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өтті. ҰАТ мүшелері үш сотталғандармен ұстау шарттары туралы әңгімелесіп, оларға ҰАТ ұстанымдары және олармен байланысуға болатын сұрақтарыжөнінде түсіндірілді. Сотталғандарға құқық қорғаушылардың сот ісін жүргізуге араласу мүмкіндігі жоқ екендігін айтып өтіп, ҰАТ негізгі қағидасы жазаны орындау жағдайларын ескере отырып, адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау болып табылатынын туралы ескерді.
Түзеу мекемесін аралаған соң, ҰАТ мүшелері мекемеке қатысты бірқатар ұсыныстар жасады. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлер мен сотталғандарды бетперде режимін сақтайтындығы, дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, мекемедегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға тұрақты бақылау жасалып отырғаны айтылып өтті. Мекемеде коронавирусты жұқтыру оқиғалары болған жоқ. Басқа мекемелерден келген сотталушылар міндетті түрде 15 күндік карантинге орналастырылады, коронавирустық инфекцияға тесттер өткізіледі.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы ҰАТ қатысушылар тобының жетекшісі Н.Тарарақұқық қорғаушылар мекемелерге барғаннан кейін ҚАЖ басшылығына тексеріс қорытындысын жіберуге тырысады, олар өз ұсыныстарында жазаны орындайтын мекемелердің қызметінде аса назар аударатын мәселелер бойынша ұсыныстарын айтып өтеді.
Соның салдарынан берілген ұсыныстарға реакция ұзақ уақытқа созылмай, жағымды жаңалықтарға қол жеткізілетінін атап өтті. Мұндай тексерістер жазаны орындау жүйесін барынша ашық және айқын етуге, республиканың түзеу мекемелерінде сотталғандардың туыстары мен басқа да мүдделі адамдар үшін ұстау шарттары туралы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді.
//polisia.kz/shymkenttegi-qatang-rezhimdegi-koloniya-quqyq-qorghaushylar-qaladaghy-tuzeu-mekemelerining-birinde-boldy/