ШЫМКЕНТ: АПАТТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ 5 КӨПІР ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР
ШЫМКЕНТ: АПАТТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ 5 КӨПІР ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР
Бүгінде Шымкент қаласының аумағында 36 көпір бар. Оның 6-ы апатты жағдайда екені анықталған. Сондықтан 5 көпірді жөндеу жұмыстарына қазынадан 926,8 млн қаржы қаралды. Нақтырақ айтсақ, ет комбинаты маңындағы, Леңгер тас жолындағы, Маятас, Тоғыс, Елтай тұрғын алаптарындағы көпірлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін бітуі тиіс.
Ал Базарқақпа елдімекені маңындағы бір көпір үшінші мегаполис аумағында орналасқанымен , облыстық жол бойында тұр. Сондықтан оған Түркістан облысы әкімдігі тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі