«Рекорд орнатты». Қазақстандық спортшы Ыстықкөлді бағындырды

«Рекорд орнатты». Қазақстандық спортшы Ыстықкөлді бағындырды

Фото: instagram:hudia4okФото: instagram:hudia4ok

Қазақстандық спортшы Виталий Худяков рекордтық уақытта Ыстықкөлді жүзіп өтті, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Cпортшы шараны Токио Олимпиадасына орай ұйымдастырған. Себебі, 5 тамызда ол Токиода суға жүзуден халықаралық жарысқа қатысуы керек болған.

Виталий Худяков 5 тамызда таңғы сағат Шолпан-Атадан Қажы-Сай жағайына қарай жүзіп шыққан. Екеуінің арасы 56 шақырым болған, судың температурасы 18-19 градус.

Шолпан-Ата — Қажы-Сай бағытындағы судың тереңдегі — 523 метр. Қазақстандық спортшы 13 сағат 18 минутта Ыстықкөлді жүзіп өткен. Бұл — жүзу дистанциясы мен уақыт бойынша ерекше жетістік болып саналады.

Виталий жалпы 56,2 шақырым жүзген. Бұл арақашықтық пен уақытты Қырғызстанның суға жүзу федерациясының өкілі Ахмет Анарбаев тіркеген.

«Мен осындай жетістікке жеткеніме қуаныштымын. Бұл дайындықтың босқа кетпегенін көрсетеді. Алдағы жылы жанкүйерлерімді Токио Олимпиадасында жақсы нәтижемен қуантамын деп ойлаймын», — дейді спортшы.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *