Полиция қаптап кетті. Алматыда ер адам пәтерінің терезесінен оқ жаудырды

Полиция қаптап кетті. Алматыда ер адам пәтерінің терезесінен оқ жаудырды

Оқ жаудырушыны полицияның арнайы жасағының жауынгерлері залалсыздандырды.

Сурет : zakon.kz4 Тамыз 2020, 15:37

Алматыда есірткіге еліткен ер адам учаскелік полиция қызметкеріне оқ атты, деп хабарлады zakon.kz.

Б- елгілі болғандай, бір әйел «102» басқару пультіне хабарласып, күйеуімен ұрсысып, отбасындағы жанжалға байланысты өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтқан. Дабыл бойынша оқиға орнына бірінші болып учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Фархат Режапов жеткен. Жанжал болған үйдің ауласында (ескерту: Әуезов — Қарасай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан) полиция қызметкеріне оқ атылған, қоңырау шалған әйелдің күйеуі екінші қабаттағы пәтердің терезесінен оқ жаудырған. Учаскелік полиция қызметкері кері шегініп, оқтан ығып үлгерді, ол зардап шеккен жоқ, — деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Оқ жаудырушыны полицияның арнайы жасағының жауынгерлері залалсыздандырды.

— Ұсталған азамат 1983 жылы туылған В деген азамат болып шықты. Оның атында тіркелген аңшы мылтығынан оқ атылғаны анықталды. Қылмыс жасау кезінде В. есірткіге елітіп, мас күйінде болған. Ол ұсталып, Алмалы ауданының полиция бөлімшесіне жеткізілді, — дейді полициядағылар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *