МҰРАТ ӘЙТЕНОВ УӘДЕСІНДЕ ТҰРДЫ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ УӘДЕСІНДЕ ТҰРЫП , 195-ОРАМНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІН ШЕШІП БЕРДІ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халық алдында берген уәдесінде тұрды. Бадам шағын ауданына қарасты 195-орам тұрғындары биыл толығымен ауыз су және электр жарығымен қамтамасыз етілетін болды. Ал, көгілдір отынның мәселесі келесі жылы толық шешімін таппақ. Шалғайдағы шағынаудандағы жүріп жатқан жұмыстар тікелей қала әкімінің бақылауында..
Қала әкімі Мұрат Әйтенов көктемде Бадамдықтармен жүздесіп түйткілді мәселенің түйіні тарқатылатынын айтқан болатын. Тіпті Мұрат Дүйсенбекұлы жыл соңына дейін қала аумағында тас төселмеген көше қалмайды, деп сөз берген еді. Қазір шаһар аумағындағы инфрақұрылым жұмысы қарқынды. Бадамдағы 195-орамның 300-ге жуық отбасы бұған дейін ауыз суды тасып ішіп, жекенің меншігіндегі қуат реттегіштен қымбат энергия жарығын алып келген. Өткен жылдың мамыр айында басталған сапалы жарық тарту жұмыстары, жыл соңында аяқталған. Қазіргі таңда кезең-кезеңмен үйлерді қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бадамдағы 195 орам тұрғыны Ербол Сәрсенов ауыл деген атымыз болмаса бұрын жол ауыз су көгілдір отын арман болатын. Қала әкімі көктемде келіп халықпен жүздесіп сонда коммуналдық мәселелерді шешіп беруге уәде берген еді. Қала басшысы өз сөзіне берік азамат екен. содан бері бір екі рет өзі де келіп жағдайды көзбен көріп кетті. қазір ауылдағы жарық бағаналары толық тартылды. Мемлекеттік элекрт энергиясына қолымыз жетті. бұрын жекенің жарығын жағып, суды тасып не сатып ішетінбіз. Құбыр жүргізілді. Жол азабы бөлек әңгіме еді. ауыл шетімен автобус та жүре бастады. Жолдарға тастар төселді. Алдағы бірер жылда асфальт салынатын болды. жалпы халықтың қала әкіміне деген алғысы шексіз. Халықтың алғысын арқалаған әкіміміз аман болсын.
Бұйыртса жақын күндері орам тұрғындары толығымен мемлекеттік жарыққа қол жеткізетін болады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында басталған тіршілік нәрін тарту жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Жауапты мердігер компания нысанды қараша айында мерзімнен бұрын тапсырамыз,деп отыр. Ол үшін қазынадан 252 млн астам қаржы қаралған екен.
Шалғайдағы шағынауданда көгілдір отынның мәселесі келесі жылы шешімін таппақ. Өтпелі құрылыстың биылға жоспарланған жұмыстары толығымен тәмәмдалыпты. Мердігер мекеме өкілі қаржы уақтылы бөлінсе , құрылысты мерзімен бұрын аяқтауға жұмыс күшіміз жеткілікті, дейді Жәнібек Айдос» ЖШС-нің прорабы Кемел Жақсымұратов . Шағынауданда барлық инфрақұрылым жұмыстары аяқталса асфалть жол төселіп, қоғамдық көлік қатынайтын күн де алыс емес. Сондай-ақ, алдағы уақытта орамда мектеп пен балабақша салынатынын Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов тұрғындармен кездесу барысында айтып өткен болатын.