Шымкент әкімі екі орынбасарын қызметінен босатты

Шымкент әкімі екі орынбасарын қызметінен босатты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов екі орынбасарын қызметінен босатты, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы мен қала әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ербол Садыр осыдан бір жыл бұрын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған. Ал Алмасбек Мамытбеков әкім орынбасары қызметіне биыл ақпанда тағайындалған.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/shyimkent-akm-ek-oryinbasaryin-kyizmetnen-bosattyi-311199/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *