ТҮРКІСТАН: ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ
ТҮРКІСТАН: ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ
Рейд барысында тыйым салынған отбасылық, мерекелік іс-шаралар анықталып, тоқтатылды. Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, мұндай жайттар Қазығұрт ауданы Тұрбат елді мекенде, Төлеби ауданы Зағамбар ауылында, Сайрам ауданы мен Арыста, Келес ауданы Біртілек ауылдық округі, Жолбасшы елді мекенінде анықталған. Карантин кезінде той жасаған тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл тағылды. Сонымен қатар, Төлеби ауданында карантин шектеуін бұзған 4 демалыс орнына айыппұл салынды.
Мамандар облыс аумағында карантин режимі кезінде кездесетін кемшіліктердің басым бөлігін атап өтті. Атап айтар болсақ, тұрғындар арасында бетперде тағу талабы жиі бұзылады. Нысандарда сақтық шараларына салғырттық танытып, залалсыздандыру жұмыстары күнделікті жүргізілмеуде.
Түркістан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес жабылған нысандар жұмыстарын жалғастырған. Уақыты шектелгендері талапқа бағынбаған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі